Сайт мәзірі

-Қ-

Қазықты тоқпақпен тоқпақтағанда
Тоқпақты тоқтатпай
тоқпақта.



Қаңбақ-тоңғақ!
Тоңғақ-қаңбақ
Ұшты иық қомдап!



Қапты ап, мақта ап,
Мақта қапталап,
Қақтап аптап,
Теріміз ақты-ақ.



Қара бояу да,
Ақ бояу да бар менде.
Қара бояулар
Ақ бояудан кем бе?



Қарақат терген рахат па?
Тұра қап қарақат жеген рахат па?
Тауықтар да қарақатқа құмар ма?
Тарысы бар ала қап та ұнар ма?



Қараңдаршы қанағатты!
Қара лақты қамамапты.
Қамқорлықпен қарамапты,
Қаңғыртыпты қаралақты.



Қарашы қиырға,
Көрінген сиыр ма?
Ұқсай ма сиырға,
Ұқсай ма суырға,
Айыру қиын ба?



Қаршыға ма,
Құмай ма?
Әнші балаға қаршыға ұнай ма?
Малшы балаға құмай ұнай ма?



Қасқыр - ит,
Тісін ақситты.
Жақсы ит тісін ақситпады.



Қойбағар тойға бармай, қойға барды,
Тойбағар қойға бармай, тойға барды.



Қойым семіз бе?
Ешкім семіз бе?
Қойым тоғыз ба?
Ешкім сегіз бе?



Құлақтандырмағандықтарыңыздан
Бара алмай қалдық бәріміз де аңға.



Құлынтай шығады,
Тай-құнан шығады.
Кейде тай
Құнанға сай шығады!



Құман от ңасында,
Жүген ат басында.
От басынан құманды алыс тастасын ба?
Ат басынан жүгенін ап, ноқта салсын ба?



Қызыл сиялы қалам сенде,
Көк сиялы қалам менде.
Қызыл сиялы ол алты теңге,
Көк сиялысы ол жарты теңге.



Қылқиып бала арыңтады,
Шалдығып шал арықтады.
Көздері аларып тағы...
Қорада мал арықтады.



Қырда екі кекілік жетіліп келеді,
Екі кекілік секіріп-кекіріп келеді.


Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Жаңылтпаштар
|
Көрсетілімі: 2 915
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.