Сайт мәзірі

-О-

Ойбайлама, Орынбай,
«Ойбай» оғаш одағай.
Осы оғаш ойбайың,
Ойсыз олаң Ордадай.



Ол да шылбыр есті,
Мен де шылбыр естім.
Ол шылбырды сылбыр есті,
Мен шылбырды ылдым-жылдым естім.



Ол бір қыл шылбыр есті,
Бұл бір қыл шылбыр есті.
Ол да,
Бұл да
Қыл шылбырды тым сылбыр есті.



Оңғар Жоңғар туралы сұрады,
Оңғарға керегі Жоңғар туралы томдар.
Томдар болмаса Оңғар
Бәрін домбарлап, домдар...



Омар көп шай ішіп жүр,
Құмар шөп шай ішіп жүр.
Ал Шынар
Бұл маңда жоқ шай ішіп жүр.



Он бір - оның ағасындай,
Бес - алтының баласындай.



Оралдан омарташылар оралды,
Оралбай аға орманға орналастырды оларды.



Оюға ою өрнектеп,
Үйрет өстіп қолды ептеп.


Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Жаңылтпаштар
|
Көрсетілімі: 2 841
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.