Сайт мәзірі

-Ш-

Шағала көл шетіне қонды,
Қара қарға жол шетіне қонды.



Шағалаға
Камал аға
Қадала қарады.
Камал аға
Шағалаға
Қалада емес
Далада қадала қарады.



Шақпақ тасты, аппақ тасты
Шақпақшы шал
Шығып, шашты.



Шақшалы шал бақ шарлар,
Ақ шашты шал ат байлар.



Шалбарын тапса,
Байпағы жоқ.
Байпағын тапса,
Қалпағы жоқ.
Салаққа мұндай
Айтарым жоқ.



Шапалағы шарт етті,
Алақанда қызыл дақ!
Екінші рет шекесі
Қоя берді дызылдап,
Маса жүрді ызылдап.



Шекілдеуікті шаққыштар,
Шөпшекті жаққыштар жақсыншы.



Шеңгел! Шеңгел!
Шеңгелге енген де,
Шеңгелде сенделген де
Еріншек Ерден бе?



Шешендер шебер,
Шынайы шенер.
Шенелген шіркін,
Шөмиіп шөгер.



Шешесі қыз іздеп барады,
Көкесі біз іздеп барады.
Ағасы тұз іздеп барады,
Баласы көшеде: «ыз...ыз...ыз!» деп барады.



Шоқ-шоқ гүл шоғыры,
Ақ нұрға шағылып,
Шыққа тұр шомылып.



Шөпті ішке үйгізші,
Күрішті де түйгізші.



Шыбыс дыбыс шығарды,
Шығысқа шыбыс ығысты,
Қасқыр шыбысқа қарай жылысты.



Шықса шыңға
Шыршалар шаншылып.
Шүпірлеп шығыпты
Сайға сан шыбық.



Шымшық шымшықты шымшылады.
Шымшықтар
Тыныштықты тыншымады.



Шыңылтыр
Көкше мұз
Жып-жылтыр.



Шырша сыпырғыштың
Ұшы шырпылсыншы.
Барша сыпырғыштың
Ұшы қырқылсыншы.


Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Жаңылтпаштар
|
Көрсетілімі: 6 379
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.