Балалар әлемі » Жұмбақтар » Адам және адам мүшелері туралы жұмбақтар
Адам және адам мүшелері туралы жұмбақтар
Жауаптарын көру үшін мәтінді ерекшеңіз (выделите текст)
Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде,
Бірін-бірі көрмейді. (Көз)
Асқар тауда қара орман (Шаш)
Күмбір-күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың. (Құлақ)
Ти, ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді. (Ерін)
Тақырда тайдың ізі. (Кіндік)
Сәуле астында жүз ине (Кірпік)
Қос қабыршақ қабысып,
Қарбызға тұр жабысып. (Құлақ)
Түпсіз терең тұңғиық
Бүкіл әлем тұр сыйып (Көз)
Кішкене ғана тостаған,
Жер дүниені бастаған. (Көз)
Бірін-бірі көрмейді. (Көз)
Асқар тауда қара орман (Шаш)
Күмбір-күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың. (Құлақ)
Ти, ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді. (Ерін)
Тақырда тайдың ізі. (Кіндік)
Сәуле астында жүз ине (Кірпік)
Қос қабыршақ қабысып,
Қарбызға тұр жабысып. (Құлақ)
Түпсіз терең тұңғиық
Бүкіл әлем тұр сыйып (Көз)
Кішкене ғана тостаған,
Жер дүниені бастаған. (Көз)
Бірі қысқа, бірі ұзын он бала,
Жұмысында тындыратын сол ғана. (Он саусақ)
Отыз екі орағым
бар ғажайып,
Әттен, кейін
кетеді ғой азайып. (Тіс)
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.