Сайт мәзірі
» » Оқу-білімге байланысты жұмбақтар

Оқу-білімге байланысты жұмбақтар

Тұрады ылғи сөреде,
Іші толы өнеге (Кітап)

Қала кетті домалап,
Обалақ.
Дала кетті домалап,
Обал-ақ.
Көл де кетті,
Шөл де кетті домалап,
Обал-ақ.
Тау да кетті
Бау да кетті домалап,
Обал-ақ.
Не туралы айтып тұрмын,
Тауып көрші жобалап.   (Глобус)

Оқушыға мақтанды
Бір серігі аз ғана:
«Күнде кешем ақ қарды,
Қыс түгілі жазда да».   (Қалам)


Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Жұмбақтар
|
Көрсетілімі: 12 830
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.