Сайт мәзірі
» » Егiс пен өсiмдiктер өлкесi жұмбақтары

Егiс пен өсiмдiктер өлкесi жұмбақтары

Тегiс жер кесiлдi,
Арқандай есiлдi.   (Жыртылған жер)

Қыр басында әрқилы,
Сары теңiз толқиды.    (Егiн)

Жезге ұқсас сабағы,
Дәнi – халық тамағы.   (Бидай)

Асыраған –
Ел-жұртты,
Жер мұратты.  (Бидай)

Дөңестеу жотасы,
Бауырында сызығы,
Тамақтың атасы,
Баршаның ырзығы.   (Бидай)

Бұтақ басында
Ұясы бар,
Дәл осында –
Өмiрiң бар.     (Бидай)

Маржанын түзген,
Сатылап тiзген.    (Масақ)

Бiреу бердiм,
Онын тердiм.    (Тұқым)

Аласа терек
Күлтеленген жалына,
Ұнаса керек,
Моншақ таққан малына.   (Тары)

Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тiс.   (Жүгерi)

Көктемде
Ақ гүлге оранады,
Күзде
Қолға доп боп оралады.  (Алма)

Ортасында қазығы,
Бұтағында азығы.    (Алма)

Желiлерi жайылып,
Жол-жол болып жатады.
Күн нұрына бой ұрып,
Жердiң нәрiн татады,
Жасыл шатыр астында,
Кететiндей үзiлiп,
Тұр көп маржан тасындай,
Мойыл моншақ тiзiлiп.    (Жүзiм)

Тiл үйiрген дәмi бар,
Сары алтын түс – сәнi бар.
Шақсаң егер кептiрiп,
Сүйегiнiң дәнi бар,
Баққа тұрар сән берiп,
Алқа етiп тiзiп ал.    (Өрiк)

Суық ұрса бүрлейдi,
Көктем шыға гүлдейдi.
Күнге басын иедi,
Мол шуақты сүйедi.
Күте бiлсең бабымен,
Өнiм берер қабымен,
Қызыл, сары түйiнi,
Витаминдер жиыны.   (Алша)

Табаны суды сүйедi,
Қабағы күнге күйедi.    (Күрiш)

Қызыл күрең түрi бар,
Тебiндеген бүрi бар.
Пiскен кезде қаулайды,
Алтыннан бiр аумайды,
Бал татыған нөрi бар,
Онда емнiң бәрi бар.    (Шабдалы)

Iшi аумаған жүгерi,
Түрi-түсi алмадай,
Ойымның жоқ бүгерi,
Жесең бал деп қалмағай.   (Анар)

Шертсең көк жолақ сыртынан,
Пiссе үн шықпас ұртынан.
Шикi болса, сампылдап,
- Тиме; — дейдi таңқылдап.   (Қарбыз)

Қарала қойымды,
Байлап ем,
Желiде жатып тойынды.  (Қауын)

Бақшадан жер қазып,
Жиып алдым жез қазық.   (Сәбiз)

Бұйра тұлымы,
Желмен ойнайды.
Қызыл мұрыны,
Жерге бойлайды.  (Сәбiз)

Тiгiп алып көк шатыр,
Қызылкүрең доп жатыр.   (Қызылша)

Аласа тал,
Тамаша тал.
Самсап тұр алмасы,
Ол алқызыл,
Ол қанқызыл,
Боялғанша, алмашы!   (Қызанақ)

Доптар жатыр желiсi бар,
Қабат-қабат терiсi бар.   (Орамжапырақ)

Қос құлағы қалқайып,
Су iшкен сайын марқайып.
Күн ысыса тон жинайды,
Доп болғанда ел жинайды.   (Орамжапырақ)

Түбi толған құмалақ.   (Картоп)

Көрсең өскен желiсiн,
Жапырағы қазтабан.
Мөлдiр қара жемiсiн,
Қыста емес, жаз табам.  (Қарақат)

Кұндi аңдып шалқалап,
Гүлмен жапқан қалқалап,
Бақшада өскен теректiң
Дәндерiнен май тамар,
Шағып жеген нәр табар.  (Күнбағыс)

Сырнайынан төгiп жыр,
Күнге сәлем берiп тұр.   (Күнбағыс)

Қалпағы бар дөңгелек,
Сары гүлмен қоршалған.
Қарай-қарай күнге ерек,
Мойны талып шаршаған.   (Күнбағыс)

Жүзiн орап гүлменен,
Күнге қарап телмiрер.
Тiспен шағып,
Тiлменен,
Дәмiн татқан ел бiлер.   (Күнбағыс)

Кең алқап ақ түске,
Бейне бiр малғандай.
Күзде де, тал түсте,
Қар жауып қалғандай.   (Мақта алқабы)

Тау тау ақ қар,
Ерiмейдi ыстықта.   (Мақта)

Үйi де жоқ,
Күйi де жоқ.
Бiрақ
Жауыннан да,
Дауылдан да
Қымсынбайды.
Ыстыққа да,
Суыққа да
Шын шыдайды
Шешуiн айта ғой,
Балалар бiлсiн жайды.   (Өсiмдiктер)

Күн нұрымен пiседi,
Уылжып қолға түседi.  (Жемiс)

Қар астында қыстады,
Ақпен бөркiн тастады.   (Бәйшешек)

Арулары бақшаның,
Көктемдi қатты сағынып.
Шуаққа шықты
Шап шағын,
Бантиктерiн тағынып.   (Алма ағашы)

Дауылға нық күшi,
Ағаштың мықтысы.  (Емен)

Дауылға да, аязға да,
Шыдап бағар мiзбақпай.
Тау етегi тұрағы,
Жап-жасыл боп тұрады.   (Қарағай)

Жасыл тонының бояуы,
Жыл он екi ай оңбайды.
Дiнi, бүршiктi сояуы
Қысқы аязға тоңбайды.   (Шырша)

Ағаштардың көркемi,
Мәңгi жасыл бұтағы.
Мекен ғып тау-өлкенi,
Кәусәр ауа жұтады.  (Шырша)

Қысы-жазы шешпейтiн,
Көйлегi бар жасылдан.
Өзгертпейдi еш кейпiн,
Жаралғандай асылдан.   (Шырша)

Топырақтан нәр алып,
Тамырлары таралып.
Өсiп шықты еккенiм,
Көрiктендi мекенiм.    (Ағаш көшетi)

Жасыл болып жыпырлап өнедi,
Сары болып үзiлiп семедi.   (Жапырақтар)

Жазда жайнайды,
Күзде жайрайды.   (Ағаш жапырағы)

Жазғы киiмi жасыл,
Қысқы киiмi ақшыл.   (Қар жамылған ағаш)

Әсем гүлдi өсiмдiк,
Жыл бойы тұрады.
Жапырағы көгерiп,
Салтанат та құрады,
Гүлшоқ болып өрiлiп.   (Лавр)

Шөлде
Гүлдейдi, құлпырады,
Суда
Өмiрi қырқылады.   (Сексеуiл)

Тасты тесiп, күресiп,
Терең жайып тамырын.
Ақ күлгiн шөп тұр өсiп,
Қарсы ап дәйiм таң нұрын.   (Тау гүлi)

Тасты жапқан түк кiлем,
Тамыры жоқ мүк кiлең.    (Қына)

Өзiне шап шақ,
Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап.    (Бақбақ)

Аумайды бiр қылыштан,
Пүлiш түсi жап-жасыл.
Соғылғандай мырыштан,
Өтпейтұғын жап-жасыл.     (Қияр)

Саздауыт жерде өседi,
Қош иiсi аңқыған,
Шипа өсiмдiк деседi.   (Жалбыз)

Көлдi жердiң
Үкiлi аруы.
Өткiр желдiң,
Саз тартар қаруы.   (Қамыс)

Басына үлпiлдетiп таққан шашақ,
Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап.   (Қамыс)

Тұлымы бар төбесiнде,
Күлтеленiп шумақталған,
Құлағы бар денесiнде,
Сұңғақ бойы бунақталған.  (Қамыс)

Желден қатты сасады,
Томпалаңдап қашады.
Тiрелгенше дәңге кеп,
Дедектейдi дөңгелеп.     (Қаңбақ)

Бұтаға iлген үлпершек,
Iшi нәрлi қызыл сөл,
Терiп алып үлгерсек.   (Бүлдiрген)


Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Жұмбақтар
|
Көрсетілімі: 27 240
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.