Сауысқан мен қарға
Ала сауысқан бір бұтақтан бір бұтаққа шығып, тынбай шиқылдай беріпті, қасындағы кұзғын-қарға үндемей отырыпты-мыс. Сонда сауысқан: — Қарға тамыр, сен неге үндемейсін, әлде менің айтқан сөздеріме нанбай отырмысың, — депті. Оған қарға айтты дейді: — Рас, сауысқан мырза, еркін сөзіңе наныңқырамаймын; саны-сапасы жоқ көп сөйлеген мылжың шын сөзді азайтады деп білемін, — депті-міс.
Дереккөз: wikisource.org