Сайт мәзірі

ҚОШАҚАН


Момақаным, маймағым,
Келмейді әлі ойнағың.
Қалтырайсың үйде де,
Қошақаным, қайда әлің?

Ал, кәнеки, тұра ғой,
Айтқанымды ұға ғой.
Тұла бойың жылынсын,
Күн көзіне шыға ғой.

Тәлтіректеп жығылып,
Томпалаңдап сүрініп
Алғаннан соң азырақ,
Кетесің ғой жүгіріп.
Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Төрт түлік, аң-құстар
|
Көрсетілімі: 6 919
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.