Сайт мәзірі

ЖАЗҒЫ ТАҢ


Жып жылы түн маужырап 
Көтерілген жерден бу 
Саф күмістей жарқырап 
Тыныш жатқан тұнық су 

Ақырын ескен жылы жел 
Маужыратып, тербетіп,- 
Таң атсын деп жайнап гүл- 
Өсіп балам ер жетіп 

Таң атқанда жалбарып 
Тәңіріге құлдық қылғаны 
Ісіне оның таңданып 
Көңілі хаққа сынғаны 

Көкке тиген биік тау 
Құшақтасқан тұманмен 
Қосылысып есен-сау 
Бал алысқан құмармен 

Шырылдап торғай аспанда 
Бытпылдығы ән қосып 
Шала-шансар жатқанда 
Табиғатқа жан қосып 

Міне, алтын таң атты 
Күншығыстан ағарып 
Көтеріп зұлмат қанатты 
Жер де кетті жаңарып 

Таң, Күн деген жер жаны 
Екеуінсіз жоқ сәні 
Оқу-білім – ер жаны 
Жараспас ерге құр жаны.
Тегтер:
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Жыл мезгілдері туралы
|
Көрсетілімі: 4 753
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.