Сайт мәзірі
» » Заттар туралы жұмбақтар

Заттар туралы жұмбақтар

Жауаптарын көру үшін мәтінді ерекшеңіз (выделите текст)

Мойынынаң ұстаймын, ішінен қыдықтаймын. Ол не? (
Домбыра)

Бір муйізіді, бір көзді.
(Ине)

Тиіп кетсе жылаған,

Даусы көпке ұнаған. (Домбыра)


Әй, керемет бір ит бар,

Үй бағады үрмейді,

Аяғы жоқ жүрмейді,

Ұлықсатсыз ол иттен

Адам үйге кірмейді. (Құлып)


Ерте тұрдым,

Алып ұрдым. (Етік)


Ерте тұрдым,

Екі айыр жолға түстім. (Шалбар)


Әшейінде жекесің,

Қарай қалсаң екеусің. (Айна)


Белі букір - алыска тукір (Мылтык)


Үш көзінде жалын-от,
Ал бірақ та жаны жоқ.
Кезектесіп ашылар,
Кезектесіп жұмылар. (
Бағдаршам)


Бір көзім "кідір: дейді,
Бір көзім "жүгір” дейді.
Бір көзім "абайла” дейді
"Қарап ал маңайға” дейді.
(Бағдаршам)


Бұдан бір қорқады,
Судан бұл қорқады. (
Сабын)


Аяғы жоқ,қолы жоқ,
Таппайтұғын жолы жоқ. (
Хат
)


Күн ашықта құр тұрамын,
Бұлтты күні қыдырамын. (
Қолшатыр)


Сырты жаз,
Іші қыс.
Бұл не? (
Тоңазытқыш)




Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Жұмбақтар
|
Көрсетілімі: 24 213
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.