Сайт мәзірі
» » Метаграммалар (қос жұмбақтар)

Метаграммалар (қос жұмбақтар)

Жазда өсiп, пiседi,
Дәмi тәбет ашады.
«Қ» орнына «Ж» қойсаң,
Көктен тамып түседi,
Жердiң шаңын басады.   (Қауын — Жауын)

Аспан көгi жамылды,
Қара мақпал бүркенiп.
«Т» орнына «К» қойсаң,
Жылытып жон, шағылды,
Тұрам елге нұр төгiп.    (Түн — Күн)

Сая жермiн,
Тұратын
Құстар әнi естiлiп,
Сөз соңына «А» қоссаң,
Сауық сайран құрамын,
Шалшық көлде кешкiлiк.   (Бақ-Бақа)

Қыста суды қаптаймын,
Бiрақ жазда жатпаймын.
Алғашқы әрiп ауысса,
Онсыз тамақ татпаймын.   (Мұз-Тұз)

Сұйықпын да тазамын,
Басамын жер тозаңын.
«С» орнына «Б» қойсаң,
Бозғылт боп тозамын.     (Су — Бу)

Екi сөзден тұрады,
Құстың аты – құрамы.
Сызсаң егер «Бiз» сөзiн,
Ас пiсiрем, көр өзiң.    (Бiрқазан — Қазан)

Алғашқы буыным,
Көштi бастар ұлымын.
Сосын тоғай нуының
Жыртқышының бiрiмiн.
Екеуiн қоссаң iрiмiн –
Көп аңдардың дүрiмiн.  (Жол – Барыс – Жолбарыс)

«Т»-дан бастап оқысаң,
Төлi болам пырақтың.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Көкте қалған орақпын.    (Тай — Ай)

Жайнаған жер үстi,
Мекенмiн келiстi.
«Қ» орнына «Д» қойсаң,
Боламын кеңiстiк.    (Қала — Дала)

Шеге қағар шеберге,
Ең қажеттi құралмын.
«Б»-ны өшiрсең егер де,
Жiгер берер ұранмын.    (Балға — Алға)

Қатты соғып жүрегiм,
Қорқып, үркiп жүремiн,
«Қ» орнына «Н» қойсаң,
Күшке толар бiлегiм.    (Қоян — Ноян)

Жатам құстар тобына,
Азығымын адамның.
«Ы»-ны қоссаң соңыма,
Жылқы етiмiн – тағаммын.    (Қаз — Қазы)

«Ж» әрпiмен бастасаң,
Көрiнедi бар маңым.
«Ж»-ны сызып тастасаң,
Су ағатын арнамын.    (Жарық — Арық)

Ақ бояуға қанықпын,
Бағалымын, мамықпын.
Бас әрiпiм алмасса,
Төрт бұрышты жазықпын.  (Мақта — Тақта)

Ақтан көрпе жамыламын,
Көктемде сайға ағыламын.
Өзгерсе егер алғашқы әрiп,
Жер қойнынан табыламын.  (Қыс — Мыс)

Жасыл желек алабым,
Жыл маусымы боламын.
Бiрiншi әрiп ауысса,
Айдынға ұшып қонамын.   (Жаз — Қаз)

Шуақты мол төгемiн,
Гүлге бөлеп беремiн.
Бас әрiптi өшiрсең,
Көкiректi керемiн.   (Көктем — Өктем)

Пiскен жемiс қосымын,
Құстың жақын досымын.
«К» орнына «Ж» жазсаң,
Жамбыл ата жасымын.  (Күз — Жүз)

Ұнтағым бал, жерде өсем,
Бар халыққа әзiрмiн,
Соңғы «Н»-дi «М» десең,
Дастарқанда мәзiрмiн.   (Дән – Дәм)

Моншағы көп тiзiлер,
Шуағын төксе күлiп күн.
Соңғы әрiп «К» болса,
Әжем сынды кiсiлер,
Қолға тағар мүлiкпiн.   (Жүзiм — Жүзiк)

Желбiретiп үкiмдi,
Сулы жерде жайқалам.
«Қ» орнына «Т» қойсаң,
Қоныстанып жай табам.  (Құрақ — Тұрақ)

Қуанғанда мақтанып,
Қол соғасың шаттанып.
Ең алдына «Қ» қойсаң,
Қолыңды өтер от қарып.  (Алақай — Қалақай)

Бiр құлаштай матамын,
Жуынғанда аласың,
Алғы әрiптi өшiрсең,
Ең әдептi боласың.  (Сүлгi — Үлгi)

«Ар» мен «ал»-ды қосқанда,
Судағы құрлықпын.
Алдына «М»-ны қосқанда,
Нудағы түлiкпiн.    (Арал — Марал)

Бойында өссем тоғанның,
Кiргiзем дәмiн тағамның.
Соңыма қоссаң бiр әрiп,
Үндемей жүрер адаммын.   (Жуа — Жуас)

Ешкiден көп табылса,
Түсi болам қойдың да.
Соңғы дыбыс жоғалса,
Ораламын мойныңа.    (Жағал — Жаға)

Құт дарыған қотанның,
Қаруымын шопанның.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Мүшесiмiн адамның.   (Таяқ — Аяқ)

Әуелгi үш әрiп –
Дәмге нәр тiлдi үйiрген,
Кейiнгi қос әрiп –
Мақтаның түсi үйiлген.
Қосылса бес әрiп –
Темiр жiп созып иiрген.   (Тұз; Ақ; Тұзақ)

Тәттi дәм үш әрiп алғашқы,
Соңына қос әрiп жалғасты,
Сен одан өзiңе табасың
Дауылдан қорғанар панасын.
Екеуi бiрiксе егерде,
Суда өсiп, жүзедi тереңде.   (Бал; Ық; Балық)

Алғашқы буыны – құс,
Соңғы қос әрпi – түс.
Екеуiн қосып жiберсең,
Көл жағалап тiк өсем.   (Құр; Ақ; Құрақ)

«Ү» тұрса қызып табаны,
Қыртысты жазып тегiстер,
«Ү» түсiп қалса жаманы,
Құлама болар тегiс жер.  (Үтiк — Тiк)

Майысқақпын, нәзiкпiн,
Садақ болып иiлем.
Соңғы әрiп «Н» болса,
Қалдығына азықтың,
Қоқыстарға үйiлем.   (Шыбық — Шыбын)

Ұқсайтұғын жылқыға,
Қамыс құлақ көлiкпiн.
«К» орнына «П» қойсаң,
Ойлантуға берiкпiн.   (Есек — Есеп)

Шалқимын арнамда – бесiкте,
Ал бiрақ тұрмаймын тесiкте.
Алғашқы дыбысым өзгерсе,
Көкте ұшып жүремiн, көшiп те.  (Су — Бу)

Кезердi ерiнiң,
Шөбi болмас жерiнiң.
«Ш» орнына «К» тұрса.
Өсiмдiктiң нәрiмiн.   (Шөл – Көл)

Бiр адам шаттанса,
Мен оған бауырмын.
«Б»-ны «У»-ға ауыстырса
Өлшеммiн, дәуiрмiн.  (Бақыт — Уақыт)

Қақ тiлiп жотаны,
Қасқайып жатады.
«Ж» орнын «Қ» басса,
Адамнан табады.   (Жол — Қол)

Сән берем, әркiмге, көңiлге,
Ұқсаймын көктемгi өңiрге.
Әрiптi бастапқы сызса егер.
Жөн сiлтер үстазбын өмiрге.  (Мата — Ата)

«Қ» әрпiнен бастасаң,
Көмiрге ұқсас түрiм бар.
«Қ»-ны сызып тастасаң,
Жасаймын шөп гүлiн бал.   (Қара — Ара)
Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Жұмбақтар
|
Көрсетілімі: 14 439
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.