Сайт мәзірі

Ойлан, тап!

Жиренше мен 17 түйе

     Баяғыда бір бай ажалы жетіп, қайтыс болар шағында өзінің үш баласын шақырып алып, артында қалған 17 түйесін бөледі. Тұңғыш баласына қарап: - Балаларымның үлкенісің ғой, сен түйенің 2-ден 1 бөлігін ал. Ортаншы балам, сен түйенің 3-тен 1 бөлігін ал. Кіші балам, саған мен түйенің 9-дан 1 бөлігін қалдырамың, - деп көз жұмып, о дүниеге кете барады. Балалары әрі ойланып, бері ойланып, әкелері айтқан амалды шеше алмайды. Сөйтіп, олар Жиреншені шақырады. «Жиренше келеді», - дегенді естіген жұрттың бәрі алаңға жиналады. Жиренше өзі бір түйеге мініп келеді. Сөйтіп, 17-түйеге өзінің түйесін де қосып жібереді. 18 түйені ол ың-шыңсыз әкесінің өсиеті бойынша бөліп береді. Жиреншенің тапқырлығына риза болған халық бұл оқиғаны бірінен біріне айтып, осы уақытқа дейін жеткізген екен. Міне, ал, балалар, бар оқиға осы. Сонда Жиренше түйелерді қалай бөлді екен, ә!

Неше оқушы?
Ортаға әкеп тосты Оспан
Отыз жеті қаламды.
Тиді әркімге қос-қостан,
Балалардың бәрі алды.
Өзгелерден бір қалам
Артық тиді Күләшқа.
Береді айтып кім маған,
Неше жан бар класта?
 
Қанша тұяқ?
Тоғыз қойдың
Ақпанда
Егіз туды жетеуі.
Қырға көшіп жатқанда,
Жалқы туды екеуі.
Тағы да бір тұсақ бар,
Қысыр қалды ол бірақ та.
Біздің үйде ұсақ мал
Жетті неше тұяққа?

Неше жапырақ?
Тал басында
Тізіліп
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да,
Үзіліп,
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның
Жұлынып
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі?

Бұзаулар
Жаңа ғана шалғында
Алты бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі
Нешеуі енді жайылып
Жүргенін айт, айырып!?
Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Жұмбақтар
|
Көрсетілімі: 8 872
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.