Сайт мәзірі
» » Жұмбақ-жаңылтпаштар

Жұмбақ-жаңылтпаштар

Бізде қанша мысық бар?
Бізде күшік бар?..
Менде де бар – бір мысық,
Сенде де бар – бір мысық.
Менде бар да көк күшік,
Сенде мүлде жоқ күшік.
Бізде: қанша мысық бар?
Бізде: қанша күшік бар?
Шешуін тез таба алсаң,
Сен мендегі күшікті ал!
Ал олардың әрқайсысының алдында үш мысықтан тағы отыр.
Сонда бұл бөлмеде қанша мысық бар?
***
Бір топ бала
Бір топ бала тоғаннан
Он бес балық ұстадық.
Бөліскенде оларды,
Тиді әркімге үш балық.
***
Қанша қап?
Үйге жұмсап Жарқынды,
Алдырдық біз үш түйе.
Қос қап бидай артылды,
Әр түйенің үстіне.
Тапқыр болсаң, ал санап,
Бидай алдық қанша қап?
***
Қанша сәбіз еді?
Біздің үйде көжек көп,
Іштерінде өжет көп.
Әсіресе бес көжек
Маған нағыз дос көжек
Қолымнан кеп жем жейді,
Басқалары келмейді.
Бес көжекке достасқан
Сәбіз бердім қос-қостан.
Бір сәбізім соңында,
Қалып қойды қолымда.
Сәбізімді әуелгі
Санап берші ал енді.
***
Қанша кісі?
Атам, әжем, ағаммен
Әкем, інім және мен,
Анам және енесі,
Енесінің бөлесі –
Отыр едік шай ішіп.
Жеңгем кірді майысып,
Арқасында – кіші інім.
Саны қанша, айта ғой,
Үйдегі бар кісінің?
***
Қанша қонақ?
Нұрымбетов Нұрлан бүгін
Атап өтпек туған күнін.
Сен, мен және бізбен бірге өзің бар.
Азбыз ба, көппіз бе?
Қонушы еді бір ара.
Бүгін тоғыз туысын
Ертіп келді бұл ара.
Сонда бүгін алшаға
Келіп қонды қанша ара?
***
Неше есек
Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналған-ды бес есек.
Үшеуі ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек?
***
Ғажап өнер
Ғажап менің өнерім;
Ойыңды айтып беремін.
Бір сан жасыр мен маған,
1, 3-ті қос енді оған.
Жұмбақ санды әуелгі
Қосындыдан ал енді.
Шыққан санға 1-ді қос,
Бес шықты ғой,
Білдім, дос!
***
Кеше бірнеше есек арба кесек тас,
Бүгін бірнеше есек арба, кесек тас.
Есептесек –
Неше есек арба кесек тас?
Тойласуға Таңат келді,
Марат, Манат, Манап келді,
Жанақ, Қанат, Жанат келді,
Барақ, Нарат, Бабақ келді,
Сағат келмей, Самат келді,
Бірақ Самат қайтып кетті,
Жай-жапсарын айтып кетті.
Жанақ та енді Саматқа ерді,
Одан кейін Талап келді.
Одан кейін Орақ келді,
Бәрі қанша қонақ келді?
***
Өнерлі балалар
Қанат, Марат екеуі
Қамшы өре алады.
Санат, Талап екеуі
Тамаша ән салады.
Самат, Сағат екеуі
Сөгілтіп күй шертеді.
Бабақ, Барақ екеуі
Біледі көп ертегі.
Абақ, Манат екеуі
Тай үйретіп жүреді.
Қанат, Манат екеуі
Киім-кешек тігеді.
Балаларды өнерлі
Есептеп сен көр енді?
 
Осы өлен бойынша кез келген балаға есеп шығартсаң, ол есептің жауабын қате деп айта алмайды. Қате десе – өзінің бір жерден қателескені. Онда қайта есептет.

Неше алма?
Бес бұтақты ағашта –
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер Омашқа,
Сонда қалмақ неше алма?
***
Қалай бөлесің?
Үш алма сал табаққа,
Біреуін бер Талапқа,
Біреуін бер Таңатқа,
Біреуін бер Қанатқа,
Бірі қалсын табақта.
Ұшқыр болса қиялың,
Орындайсың заматта.
***
Қаншадамыз?
Бірінші есеп:
Үлкеніміз Мүсілімнен
Бойы озып тұрғанменен,
Үш жас кіші Нұрлан менен.
Нұрланның дәл жарым жасын
Жасап отыр қарындасым.
Дәп екі жас кішімін мен.
Онға толып,
Туған күнін
Тойлап отыр Нұрлан інім.
Бойы озып тұрғанменен,
Үш жас кіші Нұрлан менен.
Нұрланның дәл жарым жасын
Жасап отыр қарындасым.
Тапқыш болсаң ал, сана, біз,
Әрқайсымыз қаншадамыз?

Екінші есеп:
(Алдыңғы есеп басқаша
берілсе, қандай тәсілмен шешуге болар еді?)
Үлкеніміз Мүсілімнен
Дәп екі жас кішімін мен.
Жасымыздың бәрін қоссаң,
Қырық үш дер ең жаңылмастан.
Көп ойланбай, ал, сана, біз.
Әрқайсымыз қаншадамыз?

Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Жұмбақтар
|
Көрсетілімі: 24 968
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.